Архив событий

28/03/2024

Мемлекеттік тілге қатысты шара өтті

28/03/2024

2024 жылдың 21-наурызында Ұлан аудандық соты әкімшісінің басшысы А.Е.Тусупова мен жетекші маман А.Е.Ескендирова Өскемен қаласы әкімдігі және «Bizdin_oskemen» ШҚО жаңалықтары ақпарат агенттігімен ұйымдастырылған «Nauryz quiz» атты мерекелік шараға қатысты.

Өткізілген шараның мақсаты- мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау және оның қолданыс аясын кеңейту. Мемлекеттік тілді жетік меңгеру және кеңінен қолдану үшін отандық кино, бағдарламаларды көріп, әндерін тыңдап қолдау көрсетуіміз қажет.

Риддер қаласының полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен семинар өткізілді

28/03/2024

Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде іс қозғау кезінде дәлелдемелер жинау» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Риддер қаласының полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты.

Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін 5 тәулікке қамауға алынды

28/03/2024

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1 бөлігі (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша азамат Т.-ға қатысы әкімшілік құқық бұзушылық  ісі қаралды.