Архив событий

15/03/2024

Облыстық сотта мемлекеттік органдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

15/03/2024

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Татуласу институтын дамыту және қолдану перспективалары. Дауды соттан тыс, сотқа дейін және сотта шешудің балама тәсілдерін қолдану» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысында жергілікті соттардың судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, прокуратура, адвокатура және кәсіби медиаторлар  қатысты.

Іс-шараның мақсаты-соттан тыс татуласу институтын танымал ету.

ҚР Сот Әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары жұмыс кеңесін өткізді

15/03/2024

Сот Әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ерасыл Сақыбай 2024 жылдың екі айындағы жұмыс қорытындысы бойынша бөлім басшылары және облыстық соттар Әкімшісі басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Іс-шарада Сот Әкімшілігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің проблемалық мәселелерін талқыланды.

Кеңесте Департаменттің бөлім басшылары және соттар әкімшісі басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.