Архив событий

27/03/2024

Заңсыз балық аулағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

27/03/2024

 Күршім  аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігінің 1)-тармағымен (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін айтарлықтай залал келтіре отырып,  заңсыз алу) көзделген  қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат З.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Сотта анықталғаны, азамат З. 2024 жылғы 4 ақпанда Бұқтырма су қоймасының «Алтыншы» учаскесінде 3 дана синтетикалық жіптен жасалған ауды құрып, 134, 8 килограмм «Рипус» тұқымды балықтарды аулаған. Сөйтіп, өзінің әрекетімен мемлекетке 829 827 теңге сомасында зиян келтірген.

Түнгі уақытта алкаголь өнімін сатқаны үшін жауапқа тартылды

27/03/2024

Зайсан аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі (алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;   этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) бойынша жеке кәсіпкер Д-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғаны, 2024 жылғы 15 қаңтарда сағат 02:00  шамасында жеке кәсіпкер Д. дүкеннің иесі бола тұра сатып алушы Т.-ға сегіз шөлмек «Жигулевское» маркалы алкоголь өнімін сатқан.

Сот отырысында балағат сөз айтылды

27/03/2024

Глубокое аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Я.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. (сотты құрметтемеушілік).

Студенттермен кездесу

27/03/2024

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қазақстан-Американдық Еркін университетінің құқық факультетінің студенттері келіп қайтты.

 Студенттермен кездесу барысында сот төрағасы Сәния Тұтқанбаева  болашақ заңгерлерге «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында лекция оқыды, сонымен қатар, студенттерді қолданыстағы  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамаларының ерешеліктерімен таныстырды.

Пробация қызметінің өкілдерімен өткен дөңгелек үстел

27/03/2024

Глубокое аудандық соты пробация қызметімен бірлесіп «Глубокое ауданының пробация қызметінің ұсыныстарын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Глубокое аудандық сотының төрағасы В.Б.Амирова, прокуратура және пробация қызметінің өкілдері қатысты.