Архив событий

11/03/2024

Алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату лицензиясынан айыру

11/03/2024

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылдың 18 қазандағы қаулысымен аз.Р. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 96600 теңге айыппұл салынып 1(бір) ай мерзімге алкоголь өнімдерін сатумен айналысуға арналған  лицензияның қолданысы тоқтатылды. Көрсетілген қаулы заңды күшіне 2023 жылдың 6 қарашасында енді.

Сотты құрметтемегені үшін жауапқа тартылды

11/03/2024

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында өзінің мінез-құлқына белгіленген арнайы талаптарды бірнеше рет бұзғаны үшін аз. С.-ға қатысты іс қаралды. 

Сотта дөңгелек үстел өткізілді

11/03/2024

Катонқарағай аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын толтыру сапасы, әкімшілік істерді ӘІЖБТ бағдарламасымен жолдау, әкімшілік қамау жазасы тағайындалған қаулылардың орындалуы» тақырыптары бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға сот төрағасы Е.Е.Токшекенов, судья А.Ш.Кенесбекова, жергілікті полиция бастығы К.Е.Абенов және Катонқарағай полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты.