Архив событий

18/03/2024

Көлік құралын қайталап масаң күйде басқарғаны үшін сотталды

18/03/2024

Зайсан аудандық сотында азамат Б-ға қатысты ҚР ҚК-нің  346 бабының 1 бөлігімен (алкогольдық масаң күйде көлік жүргізу)қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай:

Азамат Б. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының  сотының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

18-наурыз- «Ұлттық киім күні»

18/03/2024

«Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесі аясында  18 наурыз-«Ұлттық киім күні» болып белгіленді. Осыған орай,  Шығыс Қазақстан облысының сот жүйесінің судьялары мен қызметкерлері ұлттық киім киюді қолдады.

Ұлттық киім кез-келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.

Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдеріміз тек Наурызда ғана емес, жыл он екі ай ұлықталып, сәнге айналса екен.

Наурыз құт-береке әкелсін! Ақ мол болсын!