Архив событий

13/03/2024

Сот Кәсіпкерлік кодексті қолдану тәртібін түсіндірді

13/03/2024

Алтай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК –нің 200 бабының 1 және 3 бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 11-тармақшасын қолдану тәртібін түсіндіру  туралы Алтай аудандық полиция бөлімінің бастығы Ж.А. Асқар мен полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот орындаушыларымен даулар туралы

13/03/2024

Азамат М. ЖСО-ға борышкерді хабардар етпеу және қабылдаған іс жүргізу шешімдерін табыс етпеу бойынша әрекетсіздікті заңсыз деп тану туралы, қаулыларды заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қою сот шешімінің іс жүзінде өзге тұлғаның (кепіл мүлкіндегі үлесті иеленушінің) қарызды қайта қаржыландыруы нәтижесінде алынған қаражаттың есебімен орындалуына байланысты жеке сот орындаушысында қызметке ақы төлеуді бекіту туралы қаулыны және соның салдарынан барлық шығарылған кейінгі қаулыларды шығаруға құқықтық негіздердің болмауымен негізделеді.