Архив событий

20/03/2024

Өскемен қалалық сотында мерекелік іс-шара өткізілді

20/03/2024

«Наурыз»- іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы.

Биылғы жыл Президенттің қолдауымен ұлттық құндылықтар, тілімізді , дінімізді  салт- дәстүрімізді  насихаттау жылы, соның айқын көрінісі «Наурыз» мерекесін атап өту болып табылады.

«Наурыз» мерекесіне орай, Өскемен қалалық сотында мерекелік іс-шара сайыс түрінде өткізілді.

1-ші кезең «Ұлттық киім үлгісі» номинациясы бойынша өткізіліп, 2-ші  үй тапсырмасы ретінде берілген «Қазақтың ұлттық салт дәртүрінен» үзінділер көрсетумен жалғасты.

Риддер қалалық сотында ұлттық мереке «Наурыз мейрамына» арналған іс-шара өтті

20/03/2024

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Риддер қалалық сотында ұлттық мереке «Наурыз мейрамына» арналған іс-шара өтті.
Таңертеңнен бастап судьялар мен сот мамандары кереге орнатып, бұрышты ұлттық қазақша стильде безендірді.
Сот төрағасы Ерлан Қостубаев құттықтау сөз сөйледі.
Сот жүйесі қызметкерлерінің орындауында халық әуендері шырқалды, сондай-ақ  домбырада күй шебер орындалды. Осылайша, сотта  «Наурыз мейрамы» жоғары мерекелік нотада өтті. Іс-шараға қатысушылар қуанып, ізгі тілектерімен алмасты.

Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55-бабына сәйкес материалдарды сотқа беру мәселелері талқыланды

20/03/2024

Алтай ауданының №2 сотының төрағасы С.Ж.Жангелов Серебрянск қаласының тергеу бөлімінің бастығының және  тергеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының материалдарын  сотқа беруі тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашы тергеу судьясының сотқа дейінгі іс жүргізу сатысындағы өкілеттіктерін атап өтті.

Адвокаттармен және мемлекеттік органдардың өкілдермен дөңгелек үстел өтті

20/03/2024

Алтай аудандық сотында "Мемлекеттік тілді қолдану аясын ұлғайту", "Медиация" тақырыптары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға адвокаттар мен заң консультанттары, "ШҚО Алтай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ, Алтай ауданы әкімдігінің "Тілдерді оқыту орталығы" КММ, "Алтай ауданының Достық үйі" КМҚК және қоғамдық медиатор Б. Т. Сүлейменов қатысты.

Алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды

20/03/2024

Күршім аудандық сотымен Ш.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында 24.01.2024 жылы сағат 11.23 кезінде сатушы, әрі дүкеннің иесі Ш. азаматша К.-ға «Қазақстан» коньягын сатқан. (құрамында этил спиртінің үлесі 30 % жоғары болатын) 

Сот отырысында азамат Ш. өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкініш білдірді.