Архив событий

12/03/2024

Дөңгелек үстел өткізілді

12/03/2024

Шығыс Қазақстан облыстық сотында алғаш рет құқық қорғау органдары, прокуратура, ШҚО бойынша ҰҚКД, ШҚО бойынша СЖҚКАД,  ШҚО бойынша ЭТД, ӘТБ басшыларының қатысуымен тергеу судьяларының материалдарды қарау кезінде заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділ Бакин дөңгелек үстелге қатысушыларға сындарлы диалог тіледі.

Риддер қалалық сотында қала адвокаттарымен кездесу өтті

12/03/2024

Риддер қалалық сотының судьялары мен адвокаттардың өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ сот шығындарын өндіріп алу бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуді аша отырып, спикер Е. Қостубаев оның азаматтық және қылмыстық сот істерін жүргізуге байланысты мәселелерді талқылау үшін өзектілігін атап өтті. Сот төрағасы адвокаттармен мұндай кездесулер көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл ретте білікті заң көмегін көрсету және партисипативтік және медиативтік рәсімнің жасалуында неғұрлым белсенді болу мәселесі қозғалды.