Заңсыз балық аулағаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Күршім  аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігінің 1)-тармағымен (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін айтарлықтай залал келтіре отырып,  заңсыз алу) көзделген  қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат З.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Сотта анықталғаны, азамат З. 2024 жылғы 4 ақпанда Бұқтырма су қоймасының «Алтыншы» учаскесінде 3 дана синтетикалық жіптен жасалған ауды құрып, 134, 8 килограмм «Рипус» тұқымды балықтарды аулаған. Сөйтіп, өзінің әрекетімен мемлекетке 829 827 теңге сомасында зиян келтірген.

Сот, азамат З.-ны ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, қылмыстық жаза ретінде 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, барлық тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау орнатылды және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда  жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі