Түнгі уақытта алкаголь өнімін сатқаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 3-бөлігі (алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;   этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу) бойынша жеке кәсіпкер Д-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғаны, 2024 жылғы 15 қаңтарда сағат 02:00  шамасында жеке кәсіпкер Д. дүкеннің иесі бола тұра сатып алушы Т.-ға сегіз шөлмек «Жигулевское» маркалы алкоголь өнімін сатқан.

Сот қаулысымен азаматша Д. ҚР ӘҚБтК-нің  200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 айға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, 103 376  теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, салынған айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

Қаулы заңды күшіне енген .

 

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі