Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1 бөлігі (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса) бойынша азамат Т.-ға қатысы әкімшілік құқық бұзушылық  ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2024 жылы 11 ақпанда 12 сағат 30 минут  шамасында аз. Т. Өскемен қаласында Жібек жолы бойындағы аялдаманың алдыңғы және бүйірлік жақтауларын қасақана сындырған, яғни қоғамдық орында мүлікті бүлдіріп, «Таза Өскемен» ЖШС-не 78 248 теңге сомасында материалдық залал келтірген.

Сот отырысында аз. Т. кінәсін мойындады. Материалдық залалды өтеген жоқ.

2024 жылы 13  ақпанда сот қаулысымен  азамат Т. ӘҚБтК-нің 147-1 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды.

  Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі