Риддер қаласының полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде іс қозғау кезінде дәлелдемелер жинау» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға Риддер қаласының полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты.

Сот төрағасы Жаннат Жунусова әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау тәжірибесін баяндады. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап бір күнтізбелік жыл көлемінде жанжалға қатысушылардың 1-ақ рет  татуласу мүмкіндіктері бар. Кейінгі әрекеттері үшін төбелескіштер татуласу мүмкіндігінсіз істеген әрекеттеріне қарай жауап береді.Қамауға алу бөлігінде жазалау шаралары, сондай-ақ  ҚР ӘҚБтК-нің  461-бабы (қорғау нұсқамасын бұзу),  669- бабы (белгіленген ерекше талаптарды бұзу) бойынша  енгізілген өзгерістерге назар аударды.

Семинар соңында сот төрағасы проблемалық сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның кінәсін жоққа шығаратын мән-жайларды анықтаған жағдайда сот Риддер қаласының полиция бөлімі басшылығының атына да, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің атына да жеке қаулылар шығарумен әрекет ететінін ескертті.

 

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі