Сотпен жүргізуші куәлігінің қолданысы тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алтай аудандық соты борышкерге берілген жүргізуші куәлігінің (көлік құралдарын басқару құқығы) қолданылуын тоқтата тұру туралы  жеке сот орындаушысының (ЖСО) ұсынысын қарады.

ЖСО оның өндірісінде борышкер А.-дан Банктің пайдасына 1 670 528 теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу туралы атқару парағы бар екендігін уәждей отырып сотқа ұсыныс жасады. Борышкер қарызды себепсіз өтемеген. Осыған байланысты,борышкерге бұрын берілген  В, С1 санатындағы арнайы (жүргізуші) құқықтардың қолданылуын тоқтата тұруды сұрады.

Сот отырысында борышкер сотқа төлемдерді қайда жасау керектігін білмейтінін айтты. Сонымен қатар, ол ЖСО онымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенін жоққа шығармады. Оған жүргізуші куәлігі оның басқа мамандығы жоқ болғандықтан және такси қызметін көрсетумен айналыспақшы екенін айтты.

Сот атқарушылық құжаттың дәлелсіз себептермен ұзақ уақыт бойы орындалмағанын анықтады. Борышкер А. осы ұсынымды қарау кезінде де берешекті өтеу бойынша ешқандай шара қолданбады.

Борышкер А.-ның басқа мамандығы жоқ екендігі туралы жауабына сот сыни тұрғыдан қарайды, өйткені борышкер А.-ға жүргізуші құқықтары 2021 жылы берілген, бірақ ол құқықтарын 2023 жылы сот шешімі шыққанға дейін де, заңды күшіне енгеннен кейін де қарызды өтеу мақсатында бір рет те пайдаланбаған.

Мұндай жағдайларда сот ЖСО ұсынысы негізделген және қанағаттандырылады деген қорытындыға келді. Сот борышкер А.-ның берешек толық өтелгенге дейін В,С1 санатындағы жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатты.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.

 

Алтай аудандық сотының  баспасөз қызметі