Сот адам өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамға үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылы 15 наурызда Өскемен қаласының №2 сотында абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін аз.Т. сотталды (ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі).

Сотпен анықталғаны:

2023 жылдың 28 қарашасында сағат 6 шамасында, Өскемен қаласында Абай даңғылының бойымен №6Б маршрутты автобусты басқарып келе жатқан аз. Т. Абай даңғылындағы №191 үйдің маңында Интернациональная көшесі жағынан Шәкәрім даңғылына қарай реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды солдан оңға қарай автобустың бағытымен кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргінші аз. З-ға. басымдық бермеді. Нәтижесінде аз. Т. аз. З.-ға соқтығысып, өмірмен үйлеспейтін  дене жарақаттарын келтіріп, аз.З. оқиға орнында қайтыс болды.

Қылмыс абайсызда жасалған әрекеттерге жатады және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот аз Т.-ның шын жүректен өкінуін, өкілдік шығындарын өтеуін, 200 000 теңге көлемінде моральдық зиянды ішінара өтегенін ескерді.

Прокурор іс бойынша ауырлататын мән-жайларды көрсетпеген, сот ҚР ҚК-нің 55 бабы 2 бөлігінің 1) тармағына сәйкес 2 жыл 6 айдан астам мерзімге жаза тағайындай алмайды.

Сот, ҚР ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін аз. Т. кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заң күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.