Масаң күйде жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтiрді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылдың 14 наурызында Шемонаиха аудандық сотымен жәбірленуші аз.Ч.-ның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргені үшін  аз. К. сотталды. (ҚК 107 бабы 1 бөлігі)

Сотпен анықталғаны:

2024 жылы 6 ақпанда кешкі уақытта аз. К. өзімен бірге тұратын аз. С-ның үйінде аз. Ч. үшеуі спирттік ішімдік ішкен. Осы кезде аз. К. масайып қызғаныштан аз. Ч-ның денесіне және аяқ-қолдарына ағаш саппен қасақана бірнеше рет соққы келтіріп,оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген.

Аталған қылмыс ауырлығы ауыр емес қылмыс санатына жатады және айыппұл салу, түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тарту,екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жеңілдететін жағдайлар ретінде сот кінәсін мойындауын, өкінуін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар бойынша қылмысты масаң күйде жасағанын ескерді.

Аз. К.-ның бұрын сотталмағанын, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлардың барын ескеріп, сот аз. К.-ға 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындап, оған пробоциялық бақылау белгіледі, енді ол өзінің түзелгенін мінез-құлқымен дәлелдеуі тиіс.

Сот аз. К.-ға өзіне жүктелген міндеттерді орындамаудың салдарын түсіндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Шемонаиха аудандық сотының баспасөз қызметі