Сот ғимаратына өткізу режимі бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында сот ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы А.М.Әли, кеңсе меңгерушісі Ж.Труханова, сот приставы АДжалбагаев, сот мамандары және «Күзет»  мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

Сот приставы А.Джалбагаев өз баяндамасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында «Сот ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьектілік және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» ережелері қолданылатынын атап өтті және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты мәселелерге тоқталды. Қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы  Ішкі Істер Министрлігінің  Мамандандырылған күзет қызметі және сот приставы жүзеге асырады.Сондай-ақ сот ғимаратына өткізілуге тыйым салынған заттар тізімі бойынша сұрақтар талқыланды.

Семинар соңында келушілердің ішкі тәртіпті сақтау, сот төрелігін атқаруға кедергі келтіргені, соттың өкімін және талаптарын орындамағаны үшін сот приставтарымен заң жүзінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені атап өтілді.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі