Архив событий

03/05/2017

Семей қаласының Ювеналды сотымен жаңа пилоттық жобаны іске асыру мақсатында меморандум жасалды

03/05/2017

Семей қаласының Ювеналды сотының судьясы Р.Байжұманова Бородулиха аудандық жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратында «Ювеналды сот: 5 жыл балалар құқығын қорғауда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«100 нақты қадам: заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді

03/05/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «5 инситуционалдық  реформа -100 нақты қадам» бойынша соттың медиа-жоспарын орындау аясында «100 нақты қадам: заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында сот мамандары мен судьялар арасында семинар өткізілді.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

03/05/2017

Ұлы Жеңістің қарсаңында Катонқарағай ауданының № 2 аудандық соты Ұлы Отан соғысының ардагері Кабдолдаш Дандыбаевты құттықтады.

Ардагер Қ.Дандыбаев  1927 жылы 3 ақпанда Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында туылған. 1943 жылы соғысқа аттанды, әскери дайындықты өткен соң майданында болып, 1945 жылы соғыс аяқталған соң Германияның жақтасы Жапонияға қарсы соғысқа аттанды. Жапония тізе бүкеннен кейін Тәжікістан мен Ауғанстан шекарасына жіберілді. Сол жерде 1948 жылға дейін әскери қызмет атқарып, осы жылы өз үйіне оралды.

Семей қалалық соты «Саябақтар маршы» атты экологиялық акцияға қатысты

03/05/2017

Семей қалалық соты Жеңіс Күні қарсаңында «Саябақтар маршы» атты халықаралық табиғатты қорғау акциясына қосылды. Шара "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен бірлесе өтті. Науқан аясында ұйымдастырушылар қылқан жапырақты ағаштар мен бұталарды отырғызды. 

Семинар-тренинг өтті

03/05/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының мамандарымен Катонқарағай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді.

Катонқарағай № 2 аудандық сотының бас маманы М.Сахариянов электрондық талап арызды, апелляциялық шағымды және басқа электрондық құжаттарды жіберу тәртібі, мемлекеттік бажды онлайн-төлеуі, іс бойынша ақпарттармен танысу,  сот актілерін шығарып алу жолдарын көрсетті.

«Қазақстандық сот төрелігінің басты бағыттарының бірі - медиация институты» тақырыбында дәріс өтті

03/05/2017

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстанда медиация» атты тақырыбында дәріс оқылды.Аталған шараға Катонқарағай ішкі істер полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық адвокат Б.Құсаинова,  және аудандық сот қызметкерлері қатысты. 

Сот екі ананың жаза мерзімін қысқартты

03/05/2017

Курчатов қалалық сотында ШҚО бойынша ҚАЖ-нің Курчатов қалалық пробация қызметінің, ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған 2 әйелге қатысты рақымшылық жасау актісін қолдану туралы ұсыныстары қаралды.

Сот отырысында Пробация қызметінің инспекторы өзінің ұсыныстарын қолдады.Сотталғандар өздеріне рақымшылық актісін қолдануға қарсы болған жоқ.

Сот актілерін орындау

03/05/2017

Риддер қалалық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында сот кеңсесінің меңгерушісі м.а. З.Жунусова және сот қызметкерлерінің қатысуларымен семинар өтті.

Семинарда  кеңсе меңгерушісінің м.а. З.Жунусова  қылмыстық және азаматтық істер бойынша  орындалуға жолданған сот актілері,  бүгінге дейін орындалмауына байланысты сот мұрағатына жолданбаған, сот кеңсесіндегі 2010 жылдан 2017 жылға дейінгі істер аумақтық органдарының сот актілерін орындамау мәселелері және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту туралы    баяндама жасады.

Сыбайлас- жемқорлықтың алдын алу

03/05/2017

Риддер қалалық сотында кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы З.Жунусова мен соттың мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты семинарлық жиналыс өтті.

Жиын барысында соттың кеңсе меңгерушісі м.а. З.Жунусова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл амалдарын атап өтті.

Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

03/05/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ж. мен Ш.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Ж. мен Ш.  Шульбинск су қоймасы  поселкесінің аумағында Ертіс өзенінен синтетикалық моноталшықтан жасалған аумен балық аулап, ҚР  ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігінде  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы анықталды. 

Өскемен қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

03/05/2017

Өскемен қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К.Тайтолеуов., ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы В.В. Волынец және судьялармен мамандар қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар модераторы В.В.Волынец Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңымен, ішкі тәртіп ережелерін талқылап, атап айтылған заңнамаларды Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерімен бұзылған мысалдарын келтірген.

Көршілер дауы

03/05/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Семей қаласының Ювеналды сотында жаңа пилоттық жобаның негізгі міндеттері талқыланды

03/05/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлерінің, прокурорлардың, білім бөлімінің мамандарының, кәсіби медиаторлардың қатысумыен «Даулардың  жекелеген санаттары бойынша медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өтті.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында баспасөз маслихаты өтті

03/05/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында 2017 жылдың 4 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті. Баспасөз маслихатына соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты.