Архив событий

19/05/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

19/05/2017

Бүгін аудандық сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг

19/05/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Б.Зәбенов, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Судья Қ.Б.Зәбенов сотталушы И-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді. Сотталушы И. алкогольдік масаң күйінде жәбірленуші С-ны аңшы мылтығымен атып, қазаға ұшыратқан.  

Пилоттық жобаны талқылау

19/05/2017

Курчатов қалалық сотында, қалалық сот судьяларының және сот мәжілісі хатшыларының қатысумен «Жекелеген санаттар бойынша дауларды сотқа дейін міндетті реттеу пилоттық жобасын талқылау» тақырыбында семинар өткізді.

Курчатов қалалық соты төрағасының м.а.  пилоттық жоба аясында сотқа дейінгі дауларды реттеу және медиация тәртібімен шешуді пилоттық жоба аясында  қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Семей қаласының Ювеналды соты әкесінің баласымен араласу тәртібін анықтау туралы дауды тоқтатты

19/05/2017

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі мен баласының араласу тәртібін анықтау  туралы азаматтық іс қаралды.

Талап арызда жауапкер өзінің бұрыңғы жұбайына ұлымен араласу тәртібін анықтау туралы талап қойды. Талап арызда жауапкердің ерікті түрде баламен араласу тәртібін анықтауға келіспейтіндігі, ал қамқоршылық және қорғаншылық органымен анықталған араласу тәртібі бекітілген шешімі баланың анасымен орындалмайтыны айтылған.

Айыптау үкімі шығарылды

19/05/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 99-бабының, 1- бөлігімен (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) Ч-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі шығарылды.

Соттың анықтауы бойынша, сотталушы Ч. алкогольдік масаң күйінде тігін машинасын және пышақ қолдану арқылы жәбірленуші Я-ны өлтірген.

Айыптаудан бас тартты

19/05/2017

Курчатов қалалық сотында ҚК-тің 108-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) С.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сотта жәбірленуші Т. жекеше айыптау тәртібімен С.-ны ҚК-тің 108-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағыммен жүгінгені анықталды.

Сот отырысында жекеше айыптаушы Т. және оның өкілі жекеше айыптаудан бас тартып, соттан қылмысты істі тоқтауын сұрады.