Архив событий

15/05/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жас судьялар ант қабылдады

15/05/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының жаңадан тағайындалған судьяларының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 10 сәуіріндегі №458 Жарлығымен  Семей қалалық сотының  судьясы қызметіне: Жанар Жанатбекова, Динара Каримова, Зырян аудандық сотының судьясы лауазымына  Ернар Бақытбекұлы тағайындалды.

Салтанатты шараға қалыптасқан дәстүр бойынша облыстық соттың судьялары қатысты.

Дауларды медиация тәртібінде реттеу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар сабағы өтті

15/05/2017

Бородулиха аудандық сотында дауды медиация арқылы шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.  Семинар сабағында баяндама жасаған бас маман С.В.Смаглова, медиация – даулы мәселелерді шешудің кілті, оларды шешудің балама жолы екендігіне тоқталды.

Ардагерлермен кездесу өтті

15/05/2017

Ұлы Жеңістін 72-жылдығы қарсаңындағы іс-шаралар барысында Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы  Көкпекті ауданының прокурорының м.а.Б.Қарымсақовпен бірлесіп  Көкпекті ауданының тұрғындары соғыс ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ардагерлер өздерінің бастарынан өткен жағдайларымен, естеліктерімен бөлісті. Кездесудің соңында ардагерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Көкпекті аудандық сотының

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы Екпін ауылдық округінде «Ашық есік күнін» өткізді

15/05/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова Екпін ауылдық округіне барып «Ашық есік күнін» өткізді.

Шара барысында  төраға адамдарды жеке және заңды  тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауда болған азамат өзінен талапкердің пайдасына  76 000 теңге өндіру туралы сот актісінде көрсетілген соманы қалай төлеу керектігін сұрады. Борышкерден төлем оның қабілетіне байланысты сот орындаушыларымен «Атқару өндірісі және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» заң нормаларына сәйкес өндірілетінін түсіндірді.

Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

15/05/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.   

«Азаматтарды жеке қабылдау»

15/05/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «азаматтарға жеке қабылдау» өткізді.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Бородулиха аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Касенова «Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында дәріс өткізді

15/05/2017

Бородулиха аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Касенова сот мамандары арасында «Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында мемлекетпен Елбасының тікелей қолдауымен құқық қорғау, әйелдердің құқықтарын бақылау және қайта қалпына келтіру бойынша институттар құрылуда және дамуда, осы мәселе бойынша дөңгелек үстелдер, өңірлік және халықаралық сипаттағы конференциялар өткізіліп жатқаны айтылды.

Сот төрағасы мәдени көпшілік шараға демеушілік көрсетті

15/05/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова «Темірқазық» жас ақындар үйірмесінің ұйымдастыруымен Ю.Гагарин атындағы орта мектепте өткізілген «Бабаларым, Аналарым, Даналарым» атты  жыр мүшайрасына құрметті қонақ ретінде қатысты.

Шараның мақсаты Елбасының «Ұлт болашағы: Рухани жаңғыруда» атты мақаласы аясында жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты қалыптастыруды көздеген еркін тақырып таңдалған болатын.

Шараға ауданның барлық мектептерінен 1-7 сыныптар және 8-11 сынып оқушылары арасында екі топтан 25 үміткер қатысты.

«СМП-Алматы» АҚ-ның директоры бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін сотталды

15/05/2017

Жарма аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 177-бабы, 4-бөлігі, «б» тармағымен (алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi олар аса iрi мөлшерде  ұрлау) азамат А.-ға қатысты айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.