Архив событий

23/05/2017

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

23/05/2017

Катонқарағай аудандық сотында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот ғимаратына өткізу режимі бойынша семинар өтті

23/05/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында сот ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы А.М.Әли, кеңсе меңгерушісі Ж.Труханова, сот приставы АДжалбагаев, сот мамандары және «Күзет»  мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.

«Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

23/05/2017

Курчатов қалалық сотында судьялардың Курчатов қалалық ПБ-нің көші-қон қызметінің аға инспекторы полиция майоры Н.К.Өмірбековтың қатысуымен «Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Дауды шешудің оңтайлы тәсілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

23/05/2017

«Марқакөл ауылдық округі» әкімдігінің ғимаратындағы ашылған медиация кабинетінде осы ауылда орналасқан мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен «Дауды шешудің оңтайлы тәсілі»  атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында  судья С.Жунуспекованың  «Медиация – даулы мәселені шешудің оңтайлы тәсілі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Заңдылықтың бұзылуы жекеше қаулы шығаруға әкелді

23/05/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отрядынан келіп түскен ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен (балық аулау қағидаларын өрескел бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Аға сот приставы «Сот ғимаратына кіріп-шығудың ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығы» туралы семинар сабақ өткізді

23/05/2017

Тарбағатай аудандық сотының аға сот приставы «Сот  ғимаратына кіріп-шығудың ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығы» туралы семинар сабақ өткізді.

Шараға Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған Күзет қызметі Басқармасы ММ №4 полиция батальоны командирінің орынбасары М.А.Кадирбаев және жергілікті Күзет қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық іс процестік келісім аясында қаралды

23/05/2017

Зайсан аудандық сотында азамат П.ға қатысты қылмыстық іс кінәні мойындау туралы процестік келісім аясында қаралған.

Алдын ала тергеп-тексеру органымен азамат П. және қылмыстық ісі жеке өндірске бөлінген Е. деген азамат екеуі Зайсан қаласында ішімдік ішкен масаң күйлерінде азамат А.-ның тұрғынжайына адамдар тобы болып, түнгі уақытта заңсыз басып кіргені, қасақана денсаулыққа орта дәрежелі зиян келтіргені және есірткі заттарды жымқыруға оқталғаны үшін айыпталған.

Екінші дәрежелі жолдан басты жолға өту кезінде осы жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол бермеген

23/05/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды

23/05/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 1-бөлімі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Е. сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, жол қозғалысының қағидаттарының 2.4.1, 2.4.2 тармақтары талаптарын бұзып, автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарғандығы анықталды. Ол сот отырсында өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінішін білдірді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/05/2017

Үржар ауданының №2  аудандық сотында жәбірленушімен медиативтік келісім жасалуына байланысты  азаматша  К.-ға   қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Сотталушы  ҚК 188-бабы (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша, атап айтқанда жәбірленушінің үйінен  150.000 теңге ақшаны  және құны 900 теңге тұратын екі шөлмек «Снежная королева» арағын   жасырын  жымқырғаны үшін айыпталды.

Қылмыстық істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиатордың көмегімен медиативті келісімге келіп, сот қаулысымен қылмыстық іс қысқартылды.