Заңдылықтың бұзылуы жекеше қаулы шығаруға әкелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отрядынан келіп түскен ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен (балық аулау қағидаларын өрескел бұзу) әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғаны, әкімшілік іс жүргізу тілі орыс тілі болып таңдалғанмен,  тиісті қаулы шығарылмаған, құқық бұзушының түсінігі дұрыс рәсімделмеген, жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс болған лауазымды адам заттай дәлелдемелердiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолданбаған, сотқа әкімшілік құқықы бұзушылық туралы хаттаманы жолдағанда, хаттамаға тіркелген заттай дәлелдемелерді бірге ұсынбаған, яғни ӘҚБтК-нің 738, 767, 777, 808 бабтарының талаптарын бұзған.

Сот, Шығыс Қазақстан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орын алған заң бұзушылық фактілеріне назарын аударып, жекеше қаулы шығарды.

Жекеше қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

 баспасөз қызметі