Архив событий

12/05/2017

2017 жылдың төрт айындағы жұмыстарын қорытындылау

12/05/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов сот ұжымының қатысуымен 2017 жылдың  төрт айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Сотпен 71 тұлғаға қатысты 50 қылмыстық іс қаралды, соның ішінде 70 тұлғаға қатысты 49 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, 24 жеке қаулы шығарылып, сот кабинеті арқылы 181 арыз және шағымдар түсті. Сот төрелігі бойынша нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратты баяндады.

Сот актілерінің орындалуы

12/05/2017

Риддер қалалық сотында «Орындалмаған сот актілері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Риддер қаласы прокуроратурасының бөлім прокуроры Горбачева А.Е., Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы Елизаров Д.И.  жеке сот орындаушысы Задин М.Т. Риддер қалалық сотының судьясы Дремлюх Т.А. және Риддер қалалық сотының аға приставы Кесикбаев А., кеңсе меңгерушісінің м.а. Жунусова З.К. қатысты.

Колледж студенттеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді

12/05/2017

Риддер қалалық соты «Риддер Аграрлық-техникалық колледж» студенттеріне арнаплған «Ашық есік күнін» өткізді. Студенттер сот мұражайымен танысып, оқу орталығы мен жаңа бейне құралдарымен жабдықталған сот отырысының залдарын аралады.

Студенттерге соттың нақты жұмысы жайлы айтылды. Қалалық соттың маманы  Б.Г. Калиева, Риддер қалалық сотының құрылу тарихын және  сот кеңсесінің жұмыстары туралы айтып берді.  Сонымен қатар, студенттер сот мұрағатының жұмысымен де танысты.

Қойма меңгерушісі мыс ұрлағаны үшін сотталды

12/05/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 189-бабының 3-бөлігінің, 1-тармағы (кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру, iрi мөлшерде жасалса) бойынша Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қалжыр ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізілді

12/05/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Қалжыр ауылының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Сот төрағасы Р.Омаров ауыл тұрғындарына дауларды «Медиация туралы» Заңына сәйкес реттеу тәртібін түсіндіре отырып, медиация институты сотта қаралатын істердің жүктемесін төмендетуге маңызды рөл алатындығын және тараптардың дауларды шешудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатындығын атап көрсетті.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

12/05/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 106-бабының, 3-бөлігі, (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Риддер қаласының тұрғыны көліктерді ұрлағаны үшін сотталды

12/05/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК 188-бабының 4-бөлігі,  3-тармағы, 24-бабының, 3-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, ірi мөлшерде жасалған ұрлық аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды

Көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған

12/05/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша Т-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Т., 2016 жылы сот қаулысы негізінде көлік басқару құқығынан үш жылға айырыла тұра, көлік құралын қайталап алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес Т., көлік құралын басқарған кезде жеңіл дәрежедегі масаң күйінде болған.

Пара алғаны үшін сотталды

12/05/2017

Аягөз аудандық соты ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға теңестiрiлген адам бола тұра өзінің қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін әрекеттерге ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне ақша түрiнде жеке өзi пара алу) қылмыс жасаған С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.