Дөңгелек үстелде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотымен Марқакөл кенттік полиция бөлімшесінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде  дөңгелек үстел өткізілді.

Талқылауға сот төрағасы Р.Омаров, Марқакөл кенттік полиция бөлімшесінің басшысы Б.Байжұманов және басқада бөлімнің қызметкерлері қатысты.

Талқылауды сот төрағасы Р.Омаров жүргізіп, мақалада көрсетілген негізгі тақырыптарға тоқталды. Төрағалық етуші Елбасы мақаласында Қазақстан Республикасының экономикалық өрлеу кезеңінде рухани бастамшылықтарды ұмытпау қажеттілігіне тоқталып, ұлттық код, руханият пен тіл мәселесі жөнінде салмақты ойлар қозғағандығы жайлы атап айтты.

Сондай-ақ, мақаладағы 21 ғасырдағы ұлттық сана мәселесіне және таяу мерзімдерге алға қойылған міндеттерге жеке-жеке түсіндірме берілді.

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі