«Гендерлік теңдік» тақырыбында дәріс сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының сот приставы Р.Суйеукенов Самар полиция бөлімінің қызметкерлері арасында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында сот приставы Р.Суйеукенов  қазіргі уақытта ерекше назар әйелдерге қатысты зорлық зомбылыққа қарсы күреске аударылып отырғандығы, себебі дәл осы мәселеде қоғамдағы гендерлік теңсіздік орын алады деп атап өтті.

«Гендерлік саясаттық міндеті билік құрылымдарында ерлер мен әйелдердің тең қатысуы, экономикалық даму үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету,  қызметте өсу мен өз бизнесін дамыту, отбасындағы құқықтар мен міндеттерді тең іске асыру үшін мүмкіндіктер жасау, сонымен бірге жыныс белгісіне қарай зорлық зомбылықтан қорғау болып табылады»,- деп сот приставы Р.Суйеукенов атап көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі