Архив событий

02/04/2014

«Тұсау кесу» баланың болашақ өмірге бастауы

02/04/2014

Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (Семей қ.) «Семей қаласының балалар үйі» КМҚМ-де ата - анасының қамқорынсыз қалған  сәби балаға  қазақ елінің  салты бойынша  «Тұсау кесу» рәсімін өткізуі дәстүрге айналды.

Қазақ елінің бай мәдениеті ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан салт- дәстүрі көптеген ғасырлар бойы жалғасуда.

ШҚО №2 Ювеналды сотының (Семей қаласы) оқу бөлмесінде "Судья мантиясының бұрышы" ашылды

02/04/2014

Шығыс Қазақстан  облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (Семей қ.) оқу кабинетінде салтанатты түрде  «Судьялар мантиясы» бұрышы ашылды.

ШҚО № 2 Ювеналдық сотында (Семей қаласы) «Халықаралық бала асырап алу» тақырыбында Бельгиядан келген қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

02/04/2014

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасында аккредиттелген Бельгияның бала асырап алу агенттігінің директоры Женевьев Жильсон оның кеңесшісі  Вилфрид Вернисет, француз тілінен аударатын аудармашы Ю. Абдрахманов, және де сот төрағасы Р.

Жол полициясы қызметкерінің заңды талабын орындамай көлік басқару құқығынан айрылды.

02/04/2014

Әкімшілік кодексінің 471 бабы 2 тармағы бойынша қарастырылған құқық бұзушылық, жол полициясы қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан мас күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған үшін Семей қаласының «Ш» атты тұрғыны  екi жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айырылды. Мұндай үкімді осы іске қатысты өткен отырыс нәтижесінде қалалық мамандандырылған әкімшілік соты шығарды.