ШҚО №2 Ювеналды сотының (Семей қаласы) оқу бөлмесінде "Судья мантиясының бұрышы" ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан  облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (Семей қ.) оқу кабинетінде салтанатты түрде  «Судьялар мантиясы» бұрышы ашылды.

Тарихта көшпенді қазақ қоғамы «Сот төрелегінің алтын ғасыры» атты атаққа ие болған.   Алтын ғасыр халықтың ойында Тәуке ханның дәуіріндегі билердің төрелігімен байланысты. Билердің сот төрелігі мемлекеттің маңызды тіреуі болды. Ұлы, орта және кіші жүздердің билері – Төле би, Қазбек би және Әйетеке билер қазақ мемлекеттігінің бастамасы болды, қазақ  халқының бірігуіне баға жетпес ат салысты. Қазақ хандығында сот төрелігін билер көне заманнан дәстүрлі шапан киіп атқарған. Атақты қазақ билері қазіргі күнде өз маңызын жоғалтпаған рухани бай мұрасын  қалдырған. Әлемде жалпыға бірдей сот төрелегін судьялар мантия киіп атқарады.  Грек тілінен аударғанда «Мантия» сөзі кең, ұзын киім деген ұғымды білдіреді, мантияны басқа киімнің үстінен киеді.

№2 Ювеналды сотта «Судьялар мантиясы» бұрышының ашылуы кезінде сот төрағасы Р.Кусаинов атап өтті:

- Жыл басынан бастап сотта татуласу бөлмесі, балаларға психологиялық көмек көрсету бөлмесі ашылды және осымен шектелмеуге бел будық.  «Судьялар мантиясы» бұрышының ашылуының басты мақсаты, қоғамды сот билігіне және судья мантиясына құрметпен қарауына тәрбиелеу.  Мантияны кию дәстүрі сотқа, судьяға, сотта болып жатқан жайттарға құрмет көрсетуді сипаттайды, судьялардың турашылдығын олардың тек қана, заңды басшылыққа алатындығын куәландырады. «Судьялар мантиясы» бұрышы осы оқу кабинетінде кенттен ашылған жоқ, яғни онда жас мамандар, тәжірибеленушілер, тағылымдамашылар өз көздерімен қазақ сотының құрылу тарихын көре алады. Бұл бұрышқа мантиялардың келесі түрлері қойылды: Қазақ шапаны мен бөрігі – оны қазақ билері киген, қою қызыл түсті 1998 жылы шыққан судьялар мантиясы және 2009 жылы шыққан қазіргі кезеңде киетін қара түсті мантия. Судья мантияны киген кезде ұлылықты, қатаңдықты көрсетеді. Сот мәжілісі кезінде халық судьяның сырт келбетіне көп мән береді, сондықтанда біздің сотта «Судьялар мантиясы» бұрышының ашылуы маңызды қадам деп санаймыз.

Шығыс Қазақстан облысының

№ 2 кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының  баспасөзі  қызметі

Семей қаласы