Жол полициясы қызметкерінің заңды талабын орындамай көлік басқару құқығынан айрылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік кодексінің 471 бабы 2 тармағы бойынша қарастырылған құқық бұзушылық, жол полициясы қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан мас күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған үшін Семей қаласының «Ш» атты тұрғыны  екi жыл мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айырылды. Мұндай үкімді осы іске қатысты өткен отырыс нәтижесінде қалалық мамандандырылған әкімшілік соты шығарды.

Іс материалдары бойынша, айыпталушы көлік жүргізушісі және тағы басқа тиісті құжаттарсыз автокөлікті басқарған болып шықты. Оған қарамастан ол жол полициясы қызметкерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей  жүруді одан әрі жалғастырғаны анықталды. Осының бәрі әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттамада көрсетілді. Сонымен қатар құқық бұзушы мас күйiн куәландырудан өтуден бас тартып, бұл әрекетте тиісті актіде көрініс тапты.

Құқық бұзушы мас күйiн куәландырудан өтуден бас тартқанын құжаттардың болмауынан және осыған байланысты оны ЖПБ қызметкерлері босатқаны туралы өз уәжін айтса да, сот оны қыбыл алған жоқ. Өйткені полицейлердің әрекетіне құқық бұзушы тарапынан тиісті түрде шағым жасалмаған болып шықты.

Нәтижесінде құқық бұзушылықтың қасақана жасалғанын ескере отырып «Ш» деген азамат Әкімшілік кодексінің 471 бабының 2 бөлімі бойынша кінәлі деп танылып көлік басқару құқығынан екі жылға айрылды.

 

Семей қаласының

мамандандырылған

әкімшілік сотының

баспасөз қызметі