Архив событий

01/04/2014

Шығыс Қазақстан облысының № 2 Ювеналды сотының (Семей қаласы) судьяларының мүгедек балалардың ата-аналарымен кездесуі

01/04/2014

Шығыс Қазақстан облысының № 2 Ювеналды сотының судьяларының Семей қаласының мүгедек балаларға арналған орталығына барулары қайырымды салт-дәстүрге айналды. 2013 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен мамандары «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі  «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ұжымы мен тәрбиеленушілерін Конституция күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап мерекелік концерт ұйымдастырды.