Архив событий

14/04/2014

«Сот залынан» Денсаулыққа келтірілген зиян өтелді.

14/04/2014

Шемонаиха аудандық сотымен З. атты талапкердің А. атты жауапкерге материалдық шығын пен моральдық зиянды өтеу  туралы азаматтық іс қаралды.

Іс-материалдарға сәйкес, А. атты жауапкер «Toyota Prada» маркалы автокөлігімен Вокзальная-Чапаева көшесі тұсында, «Тарас» дүкенінің маңындағы автотұрақтан жүре отырып, қозғалыста артқы жүріспен, қозғалыс қауіпсіздігіне қарамастан жүріп кетті, сол себептен З. атты азаматқа дене жарақатын келтірді,

Мемориалды тақта ашылды.

14/04/2014

Семейде сот жүйесі және құқық органының ардагері Сиязбек Ұланұлы Ұлановқа арналған ол тұрған үйде мемориалды тақта ашылды. Жиынды алғы сөзбен ашқан Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Дәулиев пен қалалық сот ардагерлері одағының төрағасы Мұратбек Керімбаевтар, ардагер жайлы жылы лебіз білдіріп, оның еңбек жолдарын еске алып өтті. Сиязбек Ұланұлы 1939 жылы 1 сәуір Аягөз ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Сиязбек Ұланов еңбек жолын 1964 жылы жолдама бойынша бастайды.