«Сот залынан» Денсаулыққа келтірілген зиян өтелді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шемонаиха аудандық сотымен З. атты талапкердің А. атты жауапкерге материалдық шығын пен моральдық зиянды өтеу  туралы азаматтық іс қаралды.

Іс-материалдарға сәйкес, А. атты жауапкер «Toyota Prada» маркалы автокөлігімен Вокзальная-Чапаева көшесі тұсында, «Тарас» дүкенінің маңындағы автотұрақтан жүре отырып, қозғалыста артқы жүріспен, қозғалыс қауіпсіздігіне қарамастан жүріп кетті, сол себептен З. атты азаматқа дене жарақатын келтірді,

Сот мәжілісі барысында З. атты талапкер соттан А. атты жауапкерден өз пайдасына материалдық шығын 191502 теңге көлемінде өз пайдасына материалдық шығынды өндіруді сұрады.

Шемонаиха аудандық сотының шешімімен З. атты талапкердің А. атты жауапкерге, АҚ «НОМАД Иншуранс» АҚ-на материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылды. Талап-арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Шемонаиха аудандық

сотының баспасөз қызметі