Архив событий

23/04/2014

Сыбайлас жемқорлық туралы мақала

23/04/2014

 23.04.2014

 

Сыбайлас жемқорлық туралы мақала

 

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

«Табиғат» акциясы.

23/04/2014

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050» Жолдауын іске асыру мақсатында Семей қаласыны4 №2 сотының төрағасы Дәулетбек Булғынбаев бастаған сот ұжымы Семей қаласының орман алабын көгалдандыру бойынша акция жүргізді. Аталған іс – шараға «Семей Орманы» МОТР – нің қызметкерлері қатысты.

Акция қатысушылары көлемі 1 гектардан артық қарағай көшеттерін екті.

 

Семей қаласы №2 сотының 

баспасөз қызметі

 

Заңдық маңызы бар фактілерді сот тәртібімен анықтау

23/04/2014

Әрбір адамның өмірінде өз құқықтарын іске асыру мән-жайлары туындауы мүмкін. Мысалы, зейнет ақы, жәрдем ақы алу, мұрагерлік қабылдау, туысқандық қатынастар құқықтары заңды түрде рәсімделуі қажет, алайда қандай да жағдайларға байланысты тиісті құжаттар өз уақытында алынбаған. Құжаттардың жоғалуы, дұрыс рәсімделмеуі немесе жіберген қателіктер, құжаттар жоқтығынан азаматтар өз құқықтарын дәлелдей алмайды. Мұндай жағдайларда сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.