Мемориалды тақта ашылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семейде сот жүйесі және құқық органының ардагері Сиязбек Ұланұлы Ұлановқа арналған ол тұрған үйде мемориалды тақта ашылды. Жиынды алғы сөзбен ашқан Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Дәулиев пен қалалық сот ардагерлері одағының төрағасы Мұратбек Керімбаевтар, ардагер жайлы жылы лебіз білдіріп, оның еңбек жолдарын еске алып өтті. Сиязбек Ұланұлы 1939 жылы 1 сәуір Аягөз ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Сиязбек Ұланов еңбек жолын 1964 жылы жолдама бойынша бастайды. ҚазМУ-ді қызыл дипломға бітірген соң «Семей станциясы» теміржолы милициясының жедел қылмыстық іздестіру бөлімінің  инспекторы қызметін атқарады. Екі жылдан соң Семей облыстық сотының мүшесі, одан кейін Үржар аудандық сотының төрағасы, 1972-1979 жылдары Семей облыстық партия комитетінің әкімшілік органдар бөлімінің нұсқаушысы қызметіне ауыстырылады. 1988 жылы Семей облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. 1995 жылға дейін осы қызметте абыройлы еңбек еткен. 1995 жылы желтоқсан айында құрметтік еңбек демалысында жүріп, Семей облыстық прокуратурасының бөлімінде прокурор қызметін атқарады. Өмірден ерте озбағанда Сиязбек аға 75 жасқа толар еді. Қандай жерде қызмет атқарса да, Сиязбек Ұланов заңға деген үлкен құрметті, адалдықты ту еткен. Ол көптеген жастарға тәлімгер бола білді. Облыстық судьялар Одағы оның еңбегін жоғары бағалап, мемориалдық тақта арқылы құрмет көрсетуді лайық деп тапты.

Семей қалалық

сотының баспасөз қызметі