ШҚО № 2 Ювеналдық сотында (Семей қаласы) «Халықаралық бала асырап алу» тақырыбында Бельгиядан келген қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасында аккредиттелген Бельгияның бала асырап алу агенттігінің директоры Женевьев Жильсон оның кеңесшісі  Вилфрид Вернисет, француз тілінен аударатын аудармашы Ю. Абдрахманов, және де сот төрағасы Р. Кусаинов, судья Р.Байжуманова, Семей қалалық прокурорының көмекшісі Д.Тукенов, «Семей қаласының білім бөлімі» ММ-нің қорғаншы және қамқоршылық органының өкілі Р.Омарова,  «Семей қаласының балалар үйі» КМҚМ-ң директоры Е.Ибраимов, психолог А.Ержанованың қатысуларымен «Халықаралық бала асырап алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу кезінде Қазақстан Республикасында және Бельгиядағы бала асырап алу туралы сұрақтары, оның процедурасы, қиындықтары, мәселелері төңірегінде жүйелі түрде талқыланды. 

Бельгия делегациясының өкілі Женевьев Жилсон дөңгелек үстелге қатысушыларға Бельгияда бала асырап алудың ерекшеліктері, талаптары  туралы нақты айтып өтіп, және де дөңгелек олардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Сот төрағасы Р. Кусаинов «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы» туралы Заңына сәйкес әрбір бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы, және де ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасында тәрбиеленуімен дамуына жағдай жасау мақсатында асырауға берілуі мүмкін екендігін, кәмелетке толмаған баланы асырап алу тек қана баланың мүддесін қорғау үшін жүзеге асырылатының, асырап алынатын баланың құқығын қорғау үшін Қазақстан халықаралық бала асырап алу сұрақтары бойынша Гаага Конвенциясын ратификациялағаның және бала асырап алушылар міндетті түрде Қазақстанның заңнамасына сәйкес баланы тіркеп өкілетті органға белгіленген мерзімде аккредитациялық агенттік арқылы, оның жағдай, оқуы, тәрбиесі және денсаулығы туралы есеп беретінің атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасында балаларды қорғау Конвенциясын қолдану номарлары  туралы мәселелері талқыланды.

 

Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бөспасөз қызметі

 

Семей қаласы