Туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 107 бабы 1, 2 тармақтарына сәйкес туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптомдық емдеуді қамтиды.

 Кодекстің 107 бабының 3 тармағына сәйкес, Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау органдарының (ұйымдарының) ұсынысы бойынша сот қабылдайды.

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емделуден медициналық құжаттамада тіркелген бас тартуы негіз болып табылады.

Азамат Г. «туберкулез» ауруымен ауырады, бірақ емделуден бас тартқан, айналасындағыларға эпидемиологиялық қауіп туғызады. Оның жұқпалы туберкулезбен ауыратындығы денсаулық сақтау ұйымының  қорытындысымен бекіген және оны туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберу кеңес етілген.

Зырян аудандық сотымен «Зырян ауданының туберкулезге қарсы диспансері» ҚМКК  арызы қанағаттандырды, азамат Г.-ны мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу мекемесінде  толық сауыққанға дейін мәжбүрлеп емдеу туралы шешім шығарылды.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі