Оқиға былай болған еді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

          2013 жылдың қазан айында талапкер өзінің жеке көлігі TOYOTA CALDINA-мен Найманбаев көшесі бойымен ҚІІБ ЖПБ бағытына қарай самғап келе жатады. Посмаков көшесі бойына жетер-жетпесте алғы оң жақ дөңгелегімен суға толы шұңқырға күмп береді. Соққы алып, дөңгелегі жарылып кеткен. Жолай басқа көлік жүргізушінің де осы шұңқырға түсіп кетіп, алдыңғы, артқы дөңгелектерін тескенінің куәсі болады. Дереу жол полициясы өкілдері шақырылып, шұңқырдың тереңдігіне акті жасалады. Куәлар да тартылады. Сондай-ақ, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының» журналистері бейнебаян түсіреді.

Сотта талапкер мен оның өкілі талаптарын қолдап жауапкерлерден шығындарын толық өтеуді сұрады.

Сот, азаматтық іс құжаттарын зерделеп, тараптарды, куәларды тыңдап, талап арыз жартылай қанағаттандырылуға жатады деп, «Семей қаласының автомобиль жолдары, жолаушыларды тасымалдау және тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі» ММ-нен талапкердің пайдасына 25 580 теңге материальдық залал мен сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды.

Талап арыздың қала Әкімінен материалдық шығынды өндіру туралы бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды, себебі ол заңды тұлға емес және жолдардың уақтылы жөнделуіне тікелей жауапты емес, әрі дер кезінде асфальт беткей төселмегендіктен, тозып кеткен дөңгелектердің қаржылай шығынын жабуға жауап бермейді.

Шешім заңды күшіне енді.

Семей қалалық сотының баспасөз қызметі