ШУАҚТЫ МЕРЕКЕ ҚАРСАНЫНДА

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін нәзік жандыларымыздың Халықаралық төл мерекесі – 8 Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласы соттарының ұжымдары сот саласындағы ардагер нәзік жандыларымыз әрі отандық сот жүйесін насихаттауға үлес қосып келетін қаламыздағы БАҚ-ының, атап айтсақ «Ертіс өңірі», «Спектр», «Наше дело», «Семей таңы», «Вести Семей» әрі «Арна пресс» басылымдарының, «Қазақстан-Семей» телеарнасы ұжымдарының бас редакторларын құттықтап, ерекше сый-құрмет көрсетті.

Салтанатты шарада сөз алған Семей қалалық сотының төрағасы Ақан Маратұлы Жұмағұлов, Семей қаласының №2  сотының төрағасы Бұлғынбаев Дәулетбек Бақтиярұлы әрі Ювеналды соттың төрағасы Құсайынов Ринат Миратұлы шақырылған нәзік жандыларға ақжарма тілектері мен алғыстарын жеткізді.  Кәсібін адам тағдырымен байланыстырған әділеттілік саласында қызмет етіп, саналы өмірлерін еліміздің сот жүйесін қалыптастыруға арнаған сот саласының ардагерлерінің қиындығы мен жауапкершілігі мол, парасаттылық пен адамгершіліктің таразысы іспетті сот қызметінде талай сыннан сүрінбей өткен жандар ретінде сыйлы екені заңдылық.

Сонымен бірге Семей қалалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов журналистер қауымына шексіз алғысын жеткізіп, қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын қорғау сынды ортақ мақсат жолында басқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарынан оқырман, тыңдарман, көрерменге  жол тартқан дүниелер сот жүйесінің дамуы мен қамтамасыз етілуіне серпін беріп, азаматтардың сот әділдігіне деген сенімін жаңа деңгейге көтергеніне ризашылығын айтып, әріптестік байланыстың арта беруіне ниет білдірді.

Ардагерлердің ішінен сөз алған Риза Малдыбайқызы Нанарова құрметті демалыстарында болса да, ешбір атаулы мерекеден назарсыз қалдырылмайтынын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері атынан «Наше дело» әрі «Арна пресс» газеттерінің бас редакторлары Алла Николаевна Белякина мен Татьяна Геннадьевна Рязаповалар да алғыстарын айтты.

Биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелерін шадыман көңіл-күймен қарсы алып, құшақтары гүлге толсын деген ақжарма тілектер айтылған күні қонақтарға құттықтау адресаттары, гүл шоқтары мен естелік сый-сыяпаттар табысталды.

 

Семей қалалық

сотының баспасөз қызметі