Архив событий

26/03/2014

Кедендік салықтары төленбеген автокөлік Қырғызстанға қайтарылатын болды.

26/03/2014

ҚР «Кеден ісі туралы» Заңының 470 бабы 2-3 бөлімдерінде  қойылған талаптарға сәйкес, шетелдік жеке тұлғалар кеден одағының кедендік аумағына шет мемлекеттердің аумағында тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын өзінің уақытша болуы мерзіміне, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, уақытша әкелуге құқылы. Сонымен қоса жеке пайдалану үшін уақытша әкелінген тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды кедендік декларациялау және кедендік төлемдер мен салықтар төленген жағдайларда жол беріледі.

Осы заңда қойылған шарттар мен талаптардың, жақында ісі Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралған, C деген азаматқа ешқандай маңызы болған жоқ сияқты. Сотта анықталғандай, ол өткен жылдан бері қарай «Тойота Алтезза» гос.№S5491АЕ маркалы автокөлікті, оны құқық қорғау органдары анықтағанға дейін, мініп жүрген екен.  Бұл көлік құралы Қазақстанға жолаушы декларациясы бойынша шетел азаматымен әкелінген және оны уақыттша әкелу мерзімі өткен жылдың 12 қараша айында аяқталған болып шықты. Айыпталушының айтуынша, ол автокөлікті сенім хат бойынша сатып алған. Дегенмен ол оны уақыттша әкелу мерзімі аяқталғанын біле тұра жалған нөмірді пайдаланып жүрген. Заң бұзушы өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде сот азамат Б. ҚР Азаматтық кодекстің 430 бабы 1 бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 9260 теңге, айыппұл төлеу түрінде жазаға тартты. Тәркіленген көлік айыпталушыға қайтарылғанмен оған оны 10 күн ішінде Қырғыз Республикасына әкеті міндеттелді.

 Айта кету керек, жыл басынан бері Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында осындай 10 іс қаралды.

     

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі