Архив событий

28/03/2014

Мұрагерлік туралы жалпы ережелер

28/03/2014

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі АК) 1042-бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуы мүмкін азаматтар бір мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлікке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылады.

Уклонение от уплаты алиментов

28/03/2014

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен соттың шығарған шешімін орындамау бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, К. атты азамат  Семей қалалық сотының 2008 жылдың 24 қазан айындағы сот шешімі бойынша  гр. К. азаматшаның пайдасының 1/3 бөлігін балаларға алимент ретінде төлеп тұру міндетінен бірнеше рет ескетілуіне қарамастан жалтарған. Алайда, қарыздың сомасы бүгінге дейін  448 518 теңге  берешек болып қалғаны анықталды, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексініңң 524 бабына сәйкес құқық бұзушылық орын алды.                                    

Коммуналдық даулар туралы

28/03/2014

Семей қалалық сотына келіп түскен талап арыздар мен материалдардың 30 пайызы коммуналды төлемдерге берешек борышкерлерге қатысты. Былтыр сот бұйрықтарынан бөлек, 5362 талап арыз қаралған. Осы орайда, Семей қалалық сотында «Шығысэнерготрейд», «Жылукоммунэнерго», «Семей Водоканал», «Қазақтелеком» сынды қызметтерін ұсынатын мекемелердің заңгерлері, сот отырысы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

26.03.14 Қаралған істер туралы мәлемет

28/03/2014

26 наурызда 2014 жылы Ұлан   аудандық  сотында судья Г.Е.Садыкова төрт азаматтық іс тағайындады. Бір іс - некені бұзу туралы осы іс бойынша сот талқылауына дайындық әрекеттерін жүргізді, әңгімелесу өткізді және үш азаматтық іс - берешекті өндіру туралы істер бойынша сот шешімен талап арыз қанағаттандырылды.

Ұлан аудандық сотының баспасөз қызметі.

«Татуласты»

28/03/2014

Шемонаиха аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175 бабы 2 тармағы «а,в» тармақшалары бойынша П. және С. атты азаматтарға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс-материалдарына сәйкес, П. атты азамат С. атты азаматқа теледидар ұрлауды ұсынды, кейіннен олар С. атты азаматтың келісімі бойынша үйдің бақшасының маңында күтіп тұрды.