«Кезекті дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 17 наурызында Риддер қалалық сотында «Қылмыстық істер бойынша сот актілерін орындау» атты тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл шараны Риддер қалалық сотының төрағасы Төлеген Тұрғамбаев ашып, қатысушыларды дөңгелек үстел тақырыбымен таныстырды.

Шараға Риддер қаласының Ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында, заттай дәлелдемелерді жою тәртібі туралы судья  Людмила Побияха сөз сөйлеп, өз баяңдамасында сот үкімдерінің заттай айғақтары бойынша бөлімін орындау деңгейі туралы, орындалмаған үкімдер бойынша нақты деректер келтірді.

Сонымен қатар, сот төрағасы заттай дәлелдемелерді жою туралы үкім бөлімін, маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу туралы қаулылардың орындалуына нақты мерзімдер белгілеп, міндеттер қойды.

Баяндама аяқталған соң, дөңгелек үстелге қатысушылар тақырыпты талқылап, заңды күшіне енген сот актілерінің дер кезінде орындалуына күш салу қажеттігін қолдады.

 

Риддер қалалық

сотының баспасөз қызметі