Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы облыстың аудандық соттарына қызметтік іс-сапарын жалғастыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров мамырдың 28, 29 күндері Курчатов қалалық сотында, Абай, Бесқарағай және Жарма аудандық соттарында қызметтік іс-сапарда болды.  

Жиындарда аталған аудан мен қала әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, соттардың  ұжымдары, қала тұрғындары  және жергілікті БАҚ-ның өкілдері  қатысты.

Облыстық сот төрағасы алдыңғы басқа соттарда болғандағыдай  қала және аудан активімен кездесуде бүгінгі таңда сот жүйесінің атқарып жатқан қызметтері, жалпы сот саласының құрылымы, еліміздегі жаңадан қолданысқа енгізілген заңнамалардың өзгерістері мен толықтырулары туралы кеңінен тоқталып,сондай-ақ  істерді қарау тәртібі,  сот төрелігінің  сапалы жүзеге асырылуы  азаматтар мен заңды тұлғалардың сотқа  деген сенімін арттыратындығына тоқталды.

Аудан активімен кездесуде осы аталған мәселелерді халыққа түсіндіру  барысында Досжан Сарманқұлұлы жиынға қатысып отырған  адамдардың туындаған сұрақтарына жеке-жеке жауап берді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміров 5 иституционалдық реформаларды жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» бағдарламасының бағыттарына жан-жақты тоқталып, бағдарламаның Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бөлімін тарқатып айтты. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, яғни  бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, сот рәсімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту бағыттары жайында  кеңінен сөз қозғады. Сондай-ақ сот жүйесін  дамытуға бағытталған мәселелердің  ішінде, судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптарға ең алдымен мемлекеттік қызмет Академиясын тәмәмдағандығына, сот  саласында 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуына, 1 жылдық сынақ мерзімінен өту керектігіне де  көңіл аударылатындығын атап өтті.

Бүгінгі күнде республикамыздағы сот жүйесінің  қоғамдағы атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың сот саласына деген сенімі артып отыр.  Еліміздегі сот саласында Шығыс Қазақстан облыстық сотының алатын орыны ерекше.Өткен 2014 жылдың  Республика көлемінде Шығыс Қазақстан облыстық соты алғашқы орынды иеленді. Сонымен қатар республикадағы 300-ден астам аудандық және оған теңестірілген соттардың ішінде Семей қалалық соты да бірінші көрсеткішке қол жеткізді.

Кездесу барысындағы талқыланған мәселелердің бірі сот саласында  мемлекеттік тілде құжат айналымының ара салмағын арттыруға баса назарда ұстау керектігіне тоқтала отырып,  сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға баса көңіл бөлінуі керектігін талап етті. 

Бүгінгі күні іске қосылған электронды сервистер азаматтардың  сот ақпаратына қолжетімділігін қамтамасыз етеді. «Сот кабинеті» сервисі электронды өзара іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану ел тұрғындары үшін сот жүйесінің  барынша ашық әрі қолжетімді бола тусуіне ықпал етеді. Бұған, 2015 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша облыстағы соттарғ түскен талап арыздардың  жалпы санынан  «Сот кабинеті» арқылы 46%  түскендігін көрсетіп отыр. Бұл көрсеткішті одан  әрі де жақсарту үшін  сот ұжымы бұдан қарай да тиісті жұмыстарды атқаруда.

Облыстық сот төрағасы өткен қызметтік сапарында атап өткендей 2011 жылдың 28 қантарыңда қабылданған «Медиация туралы» Заңы толыққанды қолданылмай отырғанына да тоқталды. Облысымыздың соттарында 2015 жылдың 1 тоқсан жұмыстарының қорытындысы бойынша Медиация тәртібі арқылы істерді қарау бар болғаны 0,4% -ды ғана құрады.Сондықтан бүгінгі күні облысымыздағы соттардың «Медиация туралы» Заңының орындалу аясын барынша кеңейтіп, осы заңды қолдану арқылы бітімгершілікпен аяқталған істер санын барынша көбейту үшін іс шаралар атқару керектігі айтылды.

Сонымен қатар, кездесулерде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі кеңінен талқыланды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, ашық, үздіксіз, әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Сондықтан қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен табанды дертімен  күрес жүргізіп, оның алдын алып, болдырмауымыз қажеттігі атап өтілді.

Қызметтік  іс-сапарында облыстық сот төрағасы аудандық соттарда азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берілді.

Шығыс Қазақстан

облыстық сотының

баспасөз қызметі