Көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Шемонаиха аудандық сотының 2018 жылдың 25 шілдесіндегі үкімімен азамат Г.- ҚК 419 бабы, 3 бөлігімен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін (пайдакүнемдiк ниетпен қылмыс жасалғаны туралы жалған сөз жеткiзу), аз.К.,-ҚК 419 бабы, 3 бөлігі, 28 бабы бойынша (пайдакүнемдiк ниетпен қылмыс жасалғаны туралы жалған сөз жеткiзуді ұйымдастыру) сотталды.

Сотта, аз.К-нің  ҚК 120 бабы, 1 бөлігімен (зорлау) қарастырылған қылмысты И., жасады деген көрінеу жалған өтінішті И.-ға ұсынуды ұйымдастырғандығы анықталды. К. мен И. материалдық жағдайын жақсарту мақсатында пайдакүнемдік ниетпен әрекеттенген.

Сот жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті жеңілдететін жағдайды: И.-дің жас ерекшелігін және К.-нің денсаулық жағдайын, оған қоса ауырлататын жағдайды: алдын ала адамдармен сөз байласып топтасып қылмыс жасағандығын ескерді.

Сот үкімімен аз. И. пробациялық бақылау орнатумен қоса, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге, аз.К. қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жыл 6 ай мерзімге жазасын өтеуге сотталды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі