«Балалардың қамын ойлаған...»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 266 Жарлығына сәйкес  Семей қаласында  Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды.

Ювеналды соттың 2 жыл толуына орай,  Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаларға арналған психологиялық тынығу бөлмесі ашылды.

Баланың эмоциялық тұрғыдан зиян шегу жағдайлары көп кездеседі. Жанына қаяу түскендігі, есейген кезінде де алға қойған мақсаттарына жетуіне әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайдың қалай алдын-алуға болады? Осы кезеңде балаға  психологиялық көмек көрсету қажет.

Ювеналды соттың кәсіби психологы А.Ержанова істі қарау кезінде кәмелетке толмағандармен алдын-ала сұхбаттасу жүргізу арқылы психологиялық қабылдауы жағынан нақты жағдайды анықтау нәтижесі арқылы нұсқаулық ретінде қорытынды береді. Сот ғимаратында психологтың өзінің арнайы жұмыс кабинеті бар, ал балаларға арналған арнайы психологиялық тынығу бөлмесінің ашылуы сотқа келген кәмелетке толмаған балаларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеді.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың

істері  жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының

баспасөз қызметі