Жарияланымдар

Қазақ

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, «Серпін берер стратегиялық жарияланым», «Егемен Қазақстан», 07.01.2016ж

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты көлемді мақаласында еліміздің сот жүйесін жетілдіру мен кемелдендіруге байланысты «Құқық тәртібі және заңдылық» деген тұтас бөлім арналуы бекер емес. Қазіргі кезде Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамы мен жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда бұл жарияланымның маңызы зор. Біз әлемнің дамыған 50 елінің қатарында болуды көздеп отырған елміз. Бұл – ең ұлы қазақстандық арман!

Беттер