Жарияланымдар

Қазақ

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чақпантаев, «Тіл - ұлт сақтаушысы», «Заң» газеті №9, 02.02.2018 ж

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОС- ПАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІККЕ БАСТАЙДЫ. БҰЛ ҚҰЖАТТА АТАП КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ БІРДЕН-БІР БЕЛГІСІ КЕЗ КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІЛІ, АЛ, ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ АСЫЛ МҰРАТЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ БОЛСА, МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІ – ҚАЗАҚ ТІЛІ. СОНДЫҚТАН, ТӘУЕЛ- СІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ТІЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫН БҮГІНГІДЕН ДЕ БИІКТЕТЕ ТҮСУГЕ ӘРКЕЗ МҮДДЕЛІ БОЛУҒА ТИІСТІМІЗ.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, «Заңнаманы ізгілендіру – басты мақсат», «Дидар» газеті №12, 30.01.2018 ж

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша тоқталып, бірқатар міндеттер жүктегені белгілі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да маңызды 10 міндеттің тоғызыншысы ретінде «жемқорлықпен күрес пен заңның үстемдігін» атады.

«Азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет», - деді Президент.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, «Құқық қорғау құрылымындағы жағымды жаңалық», «Заң» газеті №8, 30.01.2018 ж

ЕЛБАСЫ «100 НАҚТЫ ҚА ДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЗАҢ- НЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТА МАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІНЕ А Й Р Ы Қ Ш А ТО Қ ТА Л Ы П , БІРҚАТАР МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕГЕНІ БЕЛГІЛІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БИЫЛҒЫ ЖОЛ­ ДАУЫНДА ДА МАҢЫЗДЫ 10 МІНДЕТТІҢ ТОҒЫЗЫНШЫСЫ РЕТІНДЕ «ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ПЕН ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМ­ ДІГІН» АТАДЫ. «АЗАМАТТАР ӨЗ ӨТІНІШТЕРІНІҢ ҚАЛАЙ ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН КӨРІП, ДЕР КЕЗІНДЕ САПАЛЫ ЖАУАП АЛУҒА ТИІС.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров «Ұлт болып ұйысудың бағдары», «Егемен Қазақстан» №94, 19.05.2017 ж

Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы ширек ғасырда биік белестерді ба­ғын­ды­рып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Ал­дымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік сая­сат ендігі кезекте елдің рухын жаңғыртуға бағыт тү­зеді. Бұқараға жаққан бұл ізгі бастаманы Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қаласынан айқын түйсінуге болады.

ШҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чакпантаев, «Ұлттық кодты сақтау – ұлтты сақтау», «Заң газеті» №32, 28.04.2017г

«Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп еді осыдан бір ғасыр бұрын алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов. «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек», «Бұл тіршілік үлкен талас, бір бәйге: жүйрік алады, шабан қалады» деген сөздері де саналы қазақтың есінде. Елбасының жуықта ғана жарық көрген «Болашаққа бағ­ дар: рухани жаңғыру» атты мақаласы осы­ дан бір ғасыр бұрын қазақтың өз алдына автономия құрып, еркін ел болуын аңсаған алаш қайраткерлерінің мақсат­мұратын, арман­аңсарын жүзеге асырып жатқандай көрінді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы М.Құрманов, «Мәртебелі судья болу үлкен жауапкершілік», «Заң газеті» №30, 21.04.2017г

Әділдіктің көрсеткіші, ақиқатты анықтаушы – сот билігінің өкілі ретінде судьялардың білімі жоғары, кәсіби шеберлігі мықты ғана емес, әдебі мен парасаты да жоғарғы лауазымға сай болғаны жөн.

ШҚО соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Комиршинов, «Жекеменшікті қорғау – экономиканы қолдау», «Заң газеті» №23, 28.03.2017ж

Межелі мақсаттарға жетуде басты темірқазығымыз болып табылатын Конституциямызда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені жазылса, тап сол секілді адам үшін оның меншігіндегі мүлкі соншалықты қымбат та құнды. Рас, келмеске кеткен кеңес заманында бәрі де ортақ игілікке, қоғамның, мемлекеттің ортақ мүлкіне саналды. Бұл белгілі бір деңгейде адамдардың құқығын шектеуге алып келмей тұрмады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы К.Сейтов, «Кәсіп пен кәсіби сөздерінің айырмашылығы неде?», «Заң газеті» №23, 28.03.2017ж

Азаматтық кодекстің 10-бабы және Кәсіпкерлік кодекстің 2-бабы: «Аза- маттардың , оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не шаруашылық жүргізу немесе мем- лекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген дербес, бастамашылық қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады», – деп көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғ.Алипанова «Қыстақтағы қанды оқиға», «Заң газеті» №14, 24.02.2017ж

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген. Алайда, бейкүнә сәбиді қаныпезер әке мен қатыгез анадан кім қорғайды? Бұл қанды оқиға аудан орталығынан қашықта орналасқан қыстақта болған еді. Сол күні ащы суға сылқия тойып алған әке түн ортасында өз отбасының шырқын бұзып, әйелінен арақ талап етеді. Күйеуінің арынынан қорыққан әйел жан сауғалап, қараңғылықты жамылып үйден сыртқа қашып шығып, жақын маңдағы бұлақтың басына келіп оқиғаны сырттан бақылап тұрады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Б.Шарнаева «Халық сындарлы пікір қосуға үйренді», «Заң газеті» №11, 10.02.2017ж

Елбасының үндеуі елдің демократиялық дамуын одан әрі бекіте түседі. Үндеуде айтылған мәселе ел үшін, мемлекеттің болашағы үшін маңызды болғандықтан жалпы жұртқа жария етілді. Расында да, халық өз тағдырына қатысты кез келген мәселеден шет қалмай, ұсынысын білдіруі керек. Бұл болашақ ұрпақтың қамы үшін, еліміздегі саяси жүйенің одан әрі жақсаруы үшін қабылданған шешім екеніне дау жоқ.

Беттер