Жарияланымдар

Қазақ

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Егемендік елбасы есімімен тікелей байланысты», «Заң газеті» №142, 16.12.2016ж

Тәуелсіздік жариялаған сәттен бас­тап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән­жайын түсініп, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжап, халықтың талғамына сай, жан­жақты, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы бола алатындай, ой­ өрісі кең, интеллектуалды тұлға қажет еді. Мұндай тарихи әрі жауапты міндет осы қасиеттерге сай Елбасымыз – Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісіне бұйырды. Қазіргі таңда Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер санасатын мемлекетке айналдық.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Бітімге келушілердің қатары өсті», «Заң газеті» №131, 22.11.2016ж

Бүгінгі съезд, өздеріңіз білесіздер, кезектен тыс өтіп жатқан съезд. Бұл жерде, біріншіден, сот Әдебі кодексі қабылданбақ. Сондай-ақ, осыдан үш жыл бұрын өткен алтыншы съезде Елбасымыз 2011 жылы қабылданған «Ме- диация заңы» талаптарының толыққанды орындалмай жатқандығын сынға алған болатын.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, «Бітімге келудің берекелі жолы қалыптасуда», «Заң газеті» №130, 21.11.2016ж

Кешегі дана қарттарымыздың, орақ ауыз­ ды, алмас тілді шешендеріміз бен қара қылды қақ жарған абыз билердің ел басқару, әсіресе, халықтың тұрақтылығы мен бірлігін ұйыстырып, еліміздің шетелдермен өзара ынтымақтастығын реттеп отырған бітімгер­ шілік үрдісінің бүгінгі заман талабына сай Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен ұштасып, жандануы қуантарлық жайт.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Әлия Түсібиянова, «Доллар үшін тартысқандар сотта тіл табысты», «Заң газеті» №120, 28.10.2016ж

 

Кей жағдайда экономикалық құбылыстардың ел ішінде келеңсіздіктер тудырып жататыны бар. Экономикалық- қаржылық тұрақсыздық тар елдің әлеуметтік жағ дайына, мемлекеттік құры лымдарға әсерін тигізбей қоймайды.

Дегенмен, қандай жағдай болма­сын, береке­бірлігі жарасқан ел кез келген ауыртпалықтан аман­есен шы­ғады. Мұны уақыт та, тарих та әл­деқашан дәлелдеп қойған. Осындай қайшылықтардың бірін мысал ете оты­рып, бірлік пен тыныштықтың кепілі – шынайы түрде, екі жақты ымыраға келу екенін атап өткен жөн.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтың сұхбаты: «Сот шешіміне наразылық білдірушілер аз», «Заң газеті» №115, 18.10.2016ж

Облыс соттары ағымдағы жылдың 9 айында 79 268 іс пен материалды қарапты. Оның 3314-і қылмыстық (2015 жылы 2719 іс қаралған), 48 615-іазаматтық (2015 жылы 45 625 іс қаралған), 27 339-ы (2015 жылы 31 041 іс қаралған) әкімшілік істер.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Кәкен Сейтов, «Заң терминдерін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?», «Заң газеті» №111, 07.10.2016ж

Азаматтық кодекстің (бұдан әрі — Кодекс) 7-бабында азаматтық құқықтар мен міндеттердің заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болатындығы, ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмесе де, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты туындай алатындығы, осыған сәйкес, азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ, заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден де пайда бола алатындығы бекітілген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Нағима Байбуринова, «Билік айту оңай, біліп айту қиын» «Заң газеті» №110, 05.10.2016ж

Еліміздің Тәуелсіздікке қолы жетіп, өзге мемлекет термен иықтасып қатар тұрғанына, міне 25 жыл толып отыр. Әрине, аталған мерзім ішінде Қазақстан

бірден бой көтеріп, шаңырағын бірер жылда бекіте қой­ған жоқ. Бүгінгі жарқын күндерге жету үшін де еліміз та­лай қажырлы еңбектер атқарып, тәуелсіздіктің тәлімді мәртебесін жоғарылата алды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Нурмаханбет Елемесов, «3 миллионның сүзгісінен өткен заң», № 97 «Заң газеті», 02.09.2016 ж.

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Беттер