Ср, 08/01/2014 - 16:53
Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚҚ-ның 296 бабы 1 бөлігі бойынша Б. атты тұлғаға қатысты, яғни көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы.
Қылмыстық іс-материалдарына сәйкес, аз. Б. «Daewoo Matiz» маркілі автокөлік құралын жүргізіп, жолдың реттелмелі қиылысында, бағдаршамның рұқсат беретін тілінде, солға айналғанда, «ВАЗ-21310» маркілі автокөлік құралын жібермей, қақтығысға орын берді.
Жүргiзушi маневрдi орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткiштерiмен, егер олар жоқ болса немесе ақауы болса - қолмен, тиiстi мақсатта, сигнал беруге мiндеттi. Мұндайда маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi туғызбауы тиiс.
Бағдаршамдардың рұқсат ететiн сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қарама-қарсы бағыттан тiке немесе оңға қозғалатын, оның iшiнде Ереженiң 5.6-тармағына сәйкес көше қиылысына шығатын көлiк құралдарына жол беруге мiндеттi. Трамвайлардың жүргiзушiлерi де осындай ереженi өзара басшылыққа алуға мiндеттi.
Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аз. Б-ға 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығыс Қазақстан
облыстық сотының
баспасөз қызметі