Сот істерін мемлекеттік тілде қарау көрсеткіштерін көтеру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.М.Тәшенов «Сот істерін мемлекеттік тілде қарау көрсеткіштерін көтеру» атты тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.

Дөнгелек үстелдің жұмысына Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының қорғаушысы-адвокат М.Ж.Оразгалиев, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Семей өңірлік филиалы №260184 бөлімшесінің бастығы Р.Ж.Кабиденов, Жарма аудандық Ішкі істер бөлімінің Шар қалалық полиция бөлімінің өкілдері К.Айтмуханбетов, Р.Кульжанбеков, Д.Баяндинов қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу туралы пікілерімен бөлісіп, істерді мемлекеттік тілде қарау көрсеткіштерін көтеру деген шешім қабылдады.  

Сот төрағасы Б.М.Тәшенов дөңгелек үстелге қатысушыларды  белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

 

Жарма ауданының

№2 аудандық сотының

баспасөз қызметі