Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Қазақ инновациялық гуманитралық-заң университетінде семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Қазақ инновациялық гуманитралық-заң университетінде «Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына қатысқандар: жоғарыда аталған жоғағры оқу орнының оқытушылар құрамы, кәсіиби медиаторлар Б.Кенжина мен О.Кузнецова, сонымен қатар студенттер.

Семинар барысында баяндамашылар Б.Кенжина мен О.Кузнецова қатысушыларға қылмыстық сот өндірісі кезінде медиацияның қолдануы тәртібі туралы мысалдар келтіріп,  медиация саласының азаматтық, еңбек, отбасы және басқада заңды және жеке тұлғаларға қатысты құқықтық қарым-қатынастардың ерекшеліктері туралы айтып берді.  

Әрбір баяндамадан кейін тыңдаушылар жағынан көптеген сұрақтар қойылып, олар барлық қатысушылармен терең талқыланды.     

 

 

Шығыс Қазақстан облысының №2

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі