Медиация-дауды шешудің технологиясы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ҚК 398 б. 2 б. көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін, яғни байланыс оптикалық-талшық желісін зақымдаған, ортақ сомасы 176 128 теңгені құрайтын материалдық шығын келтірген азамат «С» қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі сотта қарау кезінде,  кәсіби емес медиаторды қатыстыру арқылы дауларды реттеудің балама технологиясы ретінде сотпен медиация қолданылды, жақтардан дауды реттеу туралы келісімді бекіту туралы арыздар түсті.

Жәбірленушімен татуласуына және медиациялық келісімнің жасалуына  байланысты сот қаулысымен қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды. Тараптар  өзара жақсы қарым-қатынасын сақтап, сот шешімінің қабылдаған шешіміне риза болды. 

Источник: 
ШҚО Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі