Катонқарағай аудандық сотында медиация арқылы үш азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиация қазақстандық әділ сот төрелігінің даулар мен жанжалдарды шешудің  балама жолдарын енгізуде құқықтық жүйенің ауқымды әлеуеті ретінде ең негізгі басымдылығының бірі  болып анықталған.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен азаматтардың некені бұзу, қарызды және материалдық залалды өндіру туралы талаптары бойынша 3 (үш) азаматтық істер қаралды.

Істі сотта  қарау кезінде кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен  тараптарды татуластыру шаралары қолданып, нәтижесінде тараптардан  дауды медиация тәртібінде реттеу жөнінде келісілген шартты бекіту туралы арыздар түсті. Тараптар өзара ізгі қарым-қатыстарын сақтап, сотпен қабылданған шешімге риза болды.

ШҚО Катонқарағай аудандық

сотының баспасөз қызметі